Алихан АХМЕТОВ: «Ел тарихына өз үлесімді қосқым келеді»
Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясына келген қатысушыларынан el.kz сайтының журналистері алған пікірлерді ұсынамыз.
Алихан АХМЕТОВ:
— Бүгін түрік делегациясы атынан еліміздің түрлі облыстарынан қандастарымыз жиналды. Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекет алдына қойған мақсаттарды Қазақстан халқы Ассамблеясы және республика халқы бірігіп толықтай орындап шыға алатынына сенімдімін. Сонымен қатар, барша елді келе жатқан үлкен мерекемен құттықтағым келеді. 1 мамыр – бұл тыныштық, келісім және бірлік мейрамы. Президентімізге мемлекеттегі тұрақтылық үшін зор алғысымды білдіремін. ҚХА сессиясына бірінші рет қатысып отырмын. Әрдайым осындай үлкен шараға куәгер болып, ел тарихына аз да болсын өз үлесімді қосқым келетін. Міне, бүгін сол мұратыма жеттім деуге болады. Жерімізде тыныштық ұялап тұрған кезде болашаққа зор сеніммен қарауға толық мүмкіндігіміз бар деп ойлаймын.