Жаңалықтар

Әлихан Смайылов жол салу әдістерін түбегейлі өзгертуді талап етті

Әлихан Смайылов жол салу әдістерін түбегейлі өзгертуді талап етті
Фото: ortcom.kz 11.02.2023 15:04 1869

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау мәселелері қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2030 жылға дейін 8 мың шақырым республикалық және 14 мың шақырым жергілікті автожолдарды сапалы салу мен реконструкциялау міндеті қойылған.

Биыл 11 мың шақырым автомобиль жолдары, оның ішінде 7 мың шақырым республикалық желі жөндеу жұмыстарымен қамтылады.

Әлихан Смайылов жол салу әдістерін түбегейлі өзгертуді талап етті

Бүгінгі таңда 70 мың шақырым жергілікті желінің 85% – нормативтік жағдайда.

Жамбыл (97%), Маңғыстау (96%) және Павлодар (91%) облыстарында жергілікті жолдардың жай-күйі жақсы.

3 өңірде көрсеткіштер орташадан төмен: Батыс Қазақстан (46%), Ақтөбе (72%) және Атырау (72%) облыстарында.

Үкімет басшысы соңғы уақытта автомобиль жолдарының сапасына қатысты шағымдар көп екенін атап өтті. Жолдың нашарлығы жол апатына себепші болып, адамдардың өліміне әкеледі, транзиттік тасымал көлемін азайтады, сонымен қатар елдің имиджіне теріс әсер етеді.

Әлихан Смайылов жол салу әдістерін түбегейлі өзгертуді талап етті

«Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына жұртшылық қанағаттанбай отыр. Интернетте жұмыстың регламент бойынша емес, жаңбыр, тіпті қар жауып жатқан кезде жүргізіліп жатқаны түсірілген көптеген бейнеролик пен фотосуреттер толып жүр», — деді Әлихан Смайылов.

Әлихан Смайылов жол салу әдістерін түбегейлі өзгертуді талап етті

Мысал ретінде Үкімет басшысы Абай облысы Көктерек ауылында қардың үстіне асфальт төселгенін, ал Павлодар облысында асфальтты жолға шашып тастағанын айтты. Кейбір өңірлерде ауыл тұрғындары жергілікті атқарушы органдардан қайыр күтпей, жолдарды өз бетінше жөндейтін жағдайлар кездеседі. Алматы облысы Рысқұлов ауылында, Маңғыстау облысы Атамекен ауылында осындай жағдайлар орын алды. Сонымен қатар бір учаскеде жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізілген фактілер бар.

Әлихан Смайылов жол салу әдістерін түбегейлі өзгертуді талап етті.

Сонымен қатар Премьер-Министр осы жылдың соңына дейін «Мерке-Бурылбайтал», «Ақтөбе-Атырау-Астрахан», «Алматы-Өскемен», «Өнеге-Бейсен», «Казталовка-Жәнібек», «Үшарал-Достық» сияқты маңызды автожол жобаларының аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға