Әлихан Смайылов Үкімет басшысы болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Смайылов Әлихан Асханұлы 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1996 жылы — ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.
1993–1999 жылдары – «А-Инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.
1999–2003 жылдары — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.
2003–2006 жылдары — ҚР сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.
2006–2009 жылдары — ҚР қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰБХ президенті.
2009–2014 жылдары — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.
2014–2015 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы.
2015–2018 жылдары — ҚР Президентінің көмекшісі.
2018 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы ақпанға дейін — Қаржы министрі.
2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалды. 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.
2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды.
