Жаңалықтар

Әлихан Смайылов Ереванда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысып жатыр

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді
Әлихан Смайылов Ереванда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысып жатыр
Фото: t.me/KZgovernment 20.10.2022 20:43 1388

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына қатысу үшін Ереванға жұмыс сапарымен келді. El.kz бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ шараға Арменияның Үкімет басшысы Никол Пашинян, Беларусь Премьер-министрі Роман Головченко, Қырғызстанның Үкімет басшысы Ақылбек Жапаров, Ресей Министрлер кабинетінің төрағасы Михаил Мишустин қатысып жатыр.

Әлихан Смайылов Ереванда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысып жатыр

«Қазіргі уақытта шағын форматтағы отырыс өтіп жатыр. Оның барысында өнеркәсіптік кооператив жобаларын қаржыландыру, электронды сауданы әкімшілендірудің бірыңғай аналитикалық жүйесін әзірлеу, Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою жөніндегі шаралар, газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі қадамдар, сондай-ақ бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқылануда», - делінген мәліметте.

Ертең, 21 қазанда, кеңейтілген құрамдағы ЕҮАК отырысы өтеді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға