Әлихан Смайылов Әзербайжанға ресми сапармен барды

Премьер-министр Әлихан Смайылов Әзербайжан Республикасына ресми сапармен барды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан Үкіметі басшысын Баку әуежайында Әзербайжан премьер-министрінің орынбасары Әли Ахмедов пен Әзербайжан Республикасындағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Әлім Байел қарсы алды.
Сапар барысында Қазақстан Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездеседі, сондай-ақ Әзербайжан премьер-министрі Әли Асадовпен мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.
Атап айтқанда, көлік-логистика, сауда-саттық, энергетика, аграрлық сектор, IT және өнеркәсіптік кооперация салаларындағы бірлескен қадамдар қарастырылады.
