Әлихан Байменов жаңа лауазымға ие болды
Қазақстанның Тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті болып Әкім Тұрсұн сайланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін осы қызметті атқарып келген Әлихан Байменов ұйымның Құрметті президенті болып бекітілді.
Әлихан Байменов Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы президенті қызметін жалғастырады, - делінген федерация мәліметінде.
Айта кетейік, Әлихан Байменов республикалық федерацияны 2004-2025 жылдар аралығында басқарды.
Бүгінде ол – Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы. Жақында ғана мемлекет басшысының қабылдауында болып, Астана мемлекеттік қызмет хабының жетекшісі мемлекеттік басқару саласының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жергілікті атқарушы биліктің құзыреттерін кеңейту мәселелері жөнінде ой-пікірін жеткізді.