Әлі сыйлық алған жоқпын - Париж Олимпиадасының жүлдегері

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz
13.08.2024 17:19
4396
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтбаев елге оралғаннан кейін әлі сыйлық алмағанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы келесі Олимпиадаға дайындықты бастап кеткенін жеткізді.
Айтарлықтай ештеңе өзгерген жоқ. Бәрі бұрынғыша, - деп атап өтті ол.
Спортшы әскери адам болған соң, Армия орталық спорт клубының қолдауы ерекше болғанын жеткізді.
Олар дайындыққа да, құралмен жабдықтауға да көп көмек етті. Ең күшті сый - жақындарымның күтіп алуы. Шыны керек, әлі сыйлық алған жоқпын, - деді спортшы.
Бөлісу:
