Жаңалықтар

«Әлі сен сияқты келіншектің оны болады». Роза Әлқожа келінін жылатып қойды

«Әлі сен сияқты келіншектің оны болады». Роза Әлқожа келінін жылатып қойды
Фото: Видеодан кадр 02.06.2023 10:43 10972

Эстарада жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа 31 жасқа толған туған күнін дүркіретін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің қуанышын бөлісуге жақындары мен достары жиналды. Туған күн кешінде тілек айтқан өмірдегі және өнердегі әпкесі Роза Әлқожа келінін жылатып алды.

Мен басында әлі сен сияқты келіншектің оны болады деп айтқанмын. Соған төзесің бе? Үйге қонбайды, топырлатып бала тапсаң да, бағаламайды. Қыздар өздері келіп ұрынады деп ескерттім. Негізі қыздар көзсіз батыр ғой. Сонда да “Мен Шымкентке келін боламын. Әпке, сізге серт беремін. Сіздердің әулетті көбейтемін,  өсіремін, өндіремін деді». Алла ажыратпасын,- деді Роза Әлқожа.

@zharyqaii Әбдіжаппардың келіншегіне деген взглядын қарасаңдаршы🥹😍 #реккешығарыпжберіңдерш #реки #казахстан #рекомендации❤️ #хочуврек #хочувреки #алғыс #хочуврекомендации #рекомендации #реккешығарайықшы #той #әбдіжаппар_әлқожа2022 #розаәлқожа #келінім #әбдіжаппар_әлқожа2023 ♬ оригинальный звук - Zharyq Ai

Оны естіген келіншегі көзіне жас алып, Роза Әлқожаның иығына басын қойғанын байқауға болады.

Бірақ Розаның бұл сөздері кейбір желі қолданушыларына ұнамай қалған.

«Жабысып өзің тидің дегені ғой», «Не деп тұр мынау?», «Осындай танымал адамдардың әйелдердің аяймын», “Тауып айттым деп тұр ма? Роза өте дөрекі екен», “Қанша жерден әнші болсын ол әйелін аманат етіп алды», “Асыра сілтеп жіберді, келінді жылатқаны несі?», - деген пікірлер бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға