Жаңалықтар

Алғашқы тоқсанда бюджетке түскен салық көлемі белгілі болды

Алғашқы тоқсанда бюджетке түскен салық көлемі белгілі болды
Фото: Pixabay.com 29.04.2023 14:00 905

2023 жылғы І тоқсанда шоғырландырылған бюджет (мемлекеттік бюджет және ұлттық қор) салық түсімдері бойынша 5 667,3 миллиард теңгеге толықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,4 пайызға немесе 998,0 миллиард теңгеге артық.

- Республикалық бюджетке 3 176,7 миллиард теңге түсті, 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 23,2% немесе 599,1 миллиард теңгеге өсті.

- Жергілікті бюджетке 1 293,6 миллиард теңге түсті, 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 24,2% немесе 252,0 миллиард теңгеге өсті.

- Ұлттық қорға 1 197,1 миллиард теңге түсті, 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 14,0% немесе 146,9 миллиард теңгеге өсті.

2022 жылдың ұқсас кезеңмен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдердің үшінші елдерден импортқа ҚҚС бойынша 2 есе, ішкі өндіріс тауарларына ҚҚС 21,2%-ға, корпоративті табыс салығы 20,7%-ға және ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС 2,0%-ға өсуі байқалады.

Түсімдердің өсуіне әсер еткен факторлар бар. Мәселен, 2023 жылы І тоқсанда былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда алтынға 0,8% бағаның өсуі байқалады. Үшінші елдермен тауар айналымы 2023 жылғы І тоқсанда 13,9%-ға өсті (экспорт 6,7%-ға төмендеді, импорт 1,8 есе өсті). Сондай-ақ, ЭШФ тауар айналымы 8,8 триллон тенгеге немесе 27,7% өсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға