«Алғашқы сыйлық». «Отбасы» банк 20 млн-шы боп туған балаларға ақша береді

«Отбасы» банкі 20 миллионыншы болып дүниеге келген 5 балаға 2 млн теңгеден береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, бұл балалардың жарқын болашағына жолдама болмақ.
«Отбасы банкі» еліміздің 20 млн-шы тұрғыны атанған балалардың болашағына да өз үлесін қосқысы келеді. Біз оларға әрқайсысы 2 млн теңге номиналды құны бар сыйлық сертификатын сыйлаймыз. Бұл сертификат жай ғана сыйлық емес. Ол – жарқын болашаққа жолдама. Бұл қаражат жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы болады, - деді Ләззат Ибрагимова.
Сертификатты қолдану үшін балалардың ата-аналар өздері тұрып жатқан қаладағы банк филиалына барып, жеке куәлігін, баланың туу туралы куәлігін көрсетуі керек.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы отандастарымызды ақжолтай жаңалықпен құттықтағанын жазған едік.
