Жаңалықтар

«Алғашқы махаббатыммен 18 жылдан кейін қосылдық...»

«Алғашқы махаббатыммен 18 жылдан кейін қосылдық...»
Фото: instagram.com/narkenjeserikbaeva 28.11.2023 11:45 2227

Әнші Наркенже Серікбаева жолдасының қазасынан кейін онымен қалай тынысып, қалай қосылғаны, неліктен жолдары екіге айырылғаны туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Ол бұл туралы «Хабар» арнасының «Ұйқым келмейді» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.

1998 жылдары мен вокзалда алма сататын едім. Ол маған көмектесетін. Ол менің алғашқы махаббатым болды. Тағдыр деген... Екеуміздің тағдырымыз екі жолға айналып кетті. Мен басқа жігітке тұрмысқа шығып кеттім. Ол қалып қояды. Тағдырдың таңдауы осындай болды. Жолсерік болып жұмыс істейтін жігітке тұрмысқа шықтым. Үлкен қызым дүниеге келді. 18 жылдан кейін алғашқы махаббатыммен қосылдық. Ол кісі ажырасып кеткен екен. Алматыда жолықтық, басыма ақ орамал салып, Қызылордаға алып барды, - деді ол.

Ол көз жұмған күйеуінің еркелетіп, бір ауыр сөз айтпағанын, әйел деген нәрсені ұғындырып кеткенін еске алып, көзіне жас алды.

Ол кісі қандай екенін мен сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Өте жақсы адам еді. Ол маған барлық нәрсені ұғындырып кетті. Ол кісіге еркелейтінмін, ренжитінмін. Мен ол кісіге тұрмысқа шықпай тұрғанда қайсар едім. Бойымнан ер азаматқа тән дүниелер байқалатын. Бірақ ол кісі маған әйел деген нәрсені ұғындырып кетті. Біз бірге 4 жыл, 7 ай өмір сүрдік. Мені боқтап, қол көтерген емес. Бауырларыма да ауыр сөйлемеген. Менің анам да ол кісіні жақсы көрді. Жолдасың жаман болса да уайымдайсың ғой. Бірақ жүрегім тыныш, түсіме де кірмейді. Ол жақтағы өмірі де жақсы шығар деп ойлаймын. Жақсы болу үшін мен осы дүниеде барлық нәрсені істеп жатырмын, - дейді ол. 

Жолдасына деген сағынышы мәңгі қалады деп, жүрек сырын ақтарды.

Жақсы адамның көп нәрсесі естелік болып қала береді екен. Ол кісі мені жақсы жаққа өзгертті. Нағыз әйел бақытын сыйлай білді. Сабырлыққа үйретіп кетті. Қазір мен ашуланбауға тырысамын, - дейді әнші. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға