Әлеуметтік желілерде 50-ден астам есірткі арнасы бұғатталды

Фото: iStock
Фото: iStock
15.11.2024 14:24
401
Көлік прокуратурасы әлеуметтік желілерде 50-ден астам есірткі арнасына тосқауыл қоюды қамтамасыз етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас көлік прокуратурасы құқық қорғау органдарының есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Әлеуметтік желілерді бақылау барысында елімізде синтетикалық есірткіні насихаттау, жарнамалау және сату мақсатында құрылған телеграм арналары анықталды.
Нәтижесінде «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы 50-ден астам телеграмм арналары бұғатталды, - делінген хабарламада.
Прокуратура органдары байланыс операторларымен бірлесіп бақылау шараларын жетілдіруді және платформалармен заңсыз контентті жылдам бұғаттауды жалғастыруда.
Бөлісу:
