Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде оттайтындар мен боқтайтындар көбейді – Ардақ Назаров

Әлеуметтік желіде оттайтындар мен боқтайтындар көбейді – Ардақ Назаров
Фото: parlam.kz 06.12.2023 12:50 2529

Депутат Ардақ Назаров Түркістан облысының тұрғыны бүкіл қазақ еліне және президентке тіл тигізгенін айтып, осындайға тоқтау салу керектігін тілге тиек етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, қазір әлеуметтік желіде оттайтындар мен боқтайтындар көбейген.

Кеше Түркістан облысының азаматы Сайрам ауданынан бүкіл қазақ еліне және біздің президентімізге тіл тигізді. Бұл азамат қазір шетелде жүр. Қазақ халқы бейбітшілік сақтап отырған елміз. Біздің елімізде тұрып жатқан азаматтар қазақ халқын басынбауы керек. Біз момын халық емеспіз, байсалды халықпыз. Кеше сөйлеген азаматтың ата-анасы әлеуметтік желіде кешірім сұрады. Бұлай істеуге болмайды. Ертең ол азамат елге келетін болса, оны 30 күндік қоғамдық жұмысқа жегу керек, керек болса, бірнеше күн бас бостандығынан айыру керек. Өйткені бұл басқаларға сабақ болуы қажет, – деді депутат Мәжіліс отырысында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға