Жаңалықтар

Әлеуметтік желі жасөспірімдердің қатыгез болуына әсер етеді

Әлеуметтік желі жасөспірімдердің қатыгез болуына әсер етеді
Фото: Үкімет 14.02.2023 12:00 1113

ҚР Премьер министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Петропавлдағы мектептепте орын алған жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол қазіргі таңда балалардың мұндай қылмысқа баруына бірден бір себеп әлеуметтік желілердегі түрлі сайттар мен ойындар екенін атады.

«Балалардың қылмысқа баруына себеп көп. Солардың ішіндегі бірден бір себеп әлеуметтік желідегі негативті контент. Өткен жылы мемлекеттік органдармен бірлесе отырып 900-ден астам сайтты жаптық. Онымен тек біз ғана емес, мектептегі мұғалімдер мен ата-аналарда күресуі керек», - деді Алтай Көлгінов.

Петропавлдағы жағдайға байланысты барлық әкімдіктер, жергілікті білім беру басқармалары, полиция қызметі бірігіп ревизия жасап, мектептердегі балалардың қауіпсіздігін күшейту қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, Петропавлдағы қылмыстық жағдай орын алған №4 орта мектепте лицензияланған күзет қызметі болмағанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға