Жаңалықтар

Әлеуметтік маңызды тауарлардың 1 млн тоннадан астам қоры бар

Әлеуметтік маңызды тауарлардың  1 млн тоннадан астам қоры бар
Фото: sn.kz 07.02.2023 10:52 1070

Елімізде 1 млн тоннадан астам әлеуметтік маңызды тауарлардың қоры бар. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Шырақбайұлы айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Көкөніс қоймаларында – 519 мың тонна, көтерме-тарату орталықтарында, сауда логистика орталықтарында – 194,7 мың тонна, сауда желілерінде – 183,3 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 24,4 мың тонна тауар қоры бар.

«Әкімдіктер өткен жылдың күзінен бастап ағымдағы жылдың маусымаралық кезеңінде нарыққа реттеуші әсер ету үшін көкөніс қорларын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Картоп бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынылатын көлемі 73 мың тоннаны құрайды, бұл ретте Абай, Ұлытау және Алматы облыстарының әкімдіктері өңірлік сұранысты ескере отырып, қажеттілік көлемін азайтты. Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, картопқа деген қажеттілік 2100 тоннаны құрайды және осы көлемде келісімшарт жасалды. Ұлытау облысындада ұқсас жағдай. Алматы облысы әкімдігінің деректері бойынша картопқа деген қажеттілік 727 тоннаны құрайды, бұл ретте әкімдік келісімшарттың қалған көлемін 507 тоннадан ұзарту мүмкіндігімен 1234 тоннаға келісімшарт жасады. Жалпы, өңірлер 85,8 мың тонна картопқа келісімшарт жасады», - деді министр.

13 өңірде келісімшарттар көлемі Ауыл шаруашылығы министрлігімен ұсынылатын көлемінің 100 және одан да көп пайызын құрайды.

 «Келісімшарттардың көлемі 50%-дан 100%-ға дейінгі сары аймақта 7 өңір орналасқан. Бұл ретте, картоп өндірушілердің негізгі   өңірлері – Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары нарықтағы картоп қорының жеткіліктілігін атап өтуде. Павлодар   облысында маусымаралық кезеңде сату үшін 20 мың тонна картопқа жергілікті ауыл шаруашылығы тауарөндірушілермен меморандумдар жасалды», - деді министр.

Әкімдіктердің деректері бойынша ішкі нарық қажеттілігін ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап оңтүстік елдерден 5,1 мың тонна көлемінде импорттық жеткізілімдер есебінен, шілде айында Түркістан облысынан 4,9 мың тонна көлемінде ерте картоп жеткізу есебінен қамтамасыз ету жоспарланып жатқанын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға