Жаңалықтар

«Әлеуметтік араздықты қоздырды»: Қостанайлық тұрғын Ұланғасыр Қамидың үстінен арыз жазды

«Әлеуметтік араздықты қоздырды»: Қостанайлық тұрғын Ұланғасыр Қамидың үстінен арыз жазды
Фото: instagram.com/ulangasyrqamiev 25.07.2024 14:04 805

«Әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіріп жатыр» деген пікір айтып, басы дауға қалған әнші Ұланғасыр Қамидің үстінен арыз түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай қаласының тұрғыны Саида Сисембаева (Facebook желісінде Саида Кастанеда) әнші Ұланғасыр Қамиге қоғамда араздық тудырғаны үшін арыз жазды. 

Мен Ұланғасыр Қамидың үстінен арыз жаздым. Дәстүрге берік депутаттар үнсіз қалған үшін орнына мен жаздым. Мен бүгін e-Otinish арқылы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабына сәйкес оның әлеуметтік және гендерлік араздықты қоздыру, әйелдерге деген өшпенділік тудыру және күйеулерінің, бұрынғы азаматшалардың әйелдерді/қыздарды зорлық-зомбылықпен өлтіруін және жарақаттауын ақтағаны үшін тексеруді сұрап өтініш тастадым. Өтініш тіркелді, қандай да бір іс қозғала ма, әлде әдеттегідей ресми жауап келе ме көрейік, – деп жазды Сисембаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, өнер иесі «әйелін өлтіріп қойды дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған шаруа. Әйелі санын жалтыратып көшеге шыққан соң, күйеуі шыдамай өлтіріп қояды» деген еді.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өтініш тіркеліп,тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді. Оның қорытындысы бойынша процесуалдық шешім қабылданады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға