Жаңалықтар

«Әлеуметтік әмиян» жобасына екі мың мектеп қосылды

«Әлеуметтік әмиян» жобасына екі мың мектеп қосылды
Фото: iStock 24.12.2024 15:34 257

Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында пилоттық режимде «Әлеуметтік әмиян» жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол оқушыларға проактивті режимде тегін ыстық тамақ беруді көздейді. Қызметті мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары жинақталған eGove Mobile платформасының көмегімен пайдалануға болады. Бүгінгі таңда жобаға 2 мың мектеп қосылып, 200 мыңнан астам ыстық түскі ас берілді.

Бұрын ыстық тамақ үшін азаматтар құжат жинайтын. Олар осы санатқа жататындығын растады, яғни олардың құқығы бар немесе жоқ екенін анықтайтын. Қазіргі уақытта олар жай ғана сізге ыстық тамақ берілуі керек деген хабарламаны алады. Яғни, “алғыңыз келе ме, жоқ па?” деген. Егер келісім берсеңіз, ваучер автоматты түрде жасалады, олар оны іске қосады және ыстық тамақ беріледі. Оған 3-5 минут қана уақыт кетеді, — деді «Әлеуметтік әмиян» жобасының жетекшісі Фараби Қалдыбиев.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға