Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік әмиянды қолданысқа енгізуге арналған пилоттық жобамен танысты, деп хабарлайды El.kz сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Пилоттық жобаға астанадағы 8 мектеп-лицейі мен 10 емхана қатысып жатыр. Мәселен, мемлекеттен әлеуметтік қолдау алатын балалардың ата-аналары мектепте ыстық тамаққа жолдама алу үшін өтініш жазады. Ал жоба толығымен іске қосылғаннан кейін өтініш жазудың қажеті болмайды. Ұялы телефон нөміріне SMS хабарлама түседі. Содан кейін баланың көлік картасын әлеуметтік әмиянға қосып, оны мектепте түскі ас алу үшін пайдалануға болады. Мамандар Серік Жұманғаринге осы қызмет қалай іске асатынын көрсетті.
Ал "Әлеуметтік төлемдер есебінен тауарларды сатып алу" қызметі арқылы дүкеннен QR-мен негізгі азық-түлікті сатып алуға мүмкіндік жасалады. Бұдан бөлек, әлеуметтік әмиянды ауруханада қолдануға болады.
"Бұл қызмет дәрігердің цифрлық рецепті қолданушының – пациенттің телефонына бірден түсетіндігімен ыңғайлы. Медицина қызметкерлеріне құжаттарды қолмен толтыру қажет болмайды, ал пациентке қағаз рецептіні алып жүрудің қажетілігі болмайды", - делінген ресми хабарламада.
2023 жылдың басында әлеуметтік әмияндағы цифрлық қызметтерді (мектептерде тегін және жеңілдетілген бағамен ыстық тамаққа ваучерлер, дәрі-дәрмек беру) кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланып отыр. Ол үшін нормативтік-құқықтық базаға тиісті өзгерістер енгізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан қоқыстан қалай құтылады
Келесі жаңалық
Астанада Қарулы күштердің бас шыршасы жағылды