Әлемнің бірінші ракеткасы Australian Open-нің финалына өте алмады
Фото: © Daniel Pockett / Stringer / Getty Images Sport
Фото: © Daniel Pockett / Stringer / Getty Images Sport
26.01.2024 14:34
831
Мельбурнде өтіп жатқан Аустралия ашық біріншілігінің жартылай финалында әлемнің бірінші ракеткасы сербиялық Новак Джокович жеңіліс тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Серб АТР рейтингінде төртінші орында тұрған италиялық Янник Синнерге жол берді – 6:1, 6:2, 6:7 (6:8), 6:3.
Матч 3 сағат 26 минутқа жалғасты.
Australian Open-нің финалында енді Янник Синнер Даниил Медведев (Ресей) — Александр Зверев (Германия) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ерлер арасында AO-2024 финалы 28 қаңтарда өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға