Жаңалықтар

Әлемді аралаған Қазақ туы

4 маусым  – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні
Әлемді аралаған Қазақ туы
02.06.2017 09:29 12568

4 маусым  – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні. El.kz редакциясы мереке қарсаңында Қазақ туымен бірге әлемді аралауға шақырады. Дайын болсаңыздар, бастайық!

Бұл – Солтүстік полюс. 

Мұзды материк – Антарктидадамыз!

Біз Альпі тауының Монблан шыңындамыз. Бұл "ақ таудың" биік нүктесі 4810 метрге жетеді. Көк байрағымыз тіпті 8611 метр болатын биіктікке де шыққанын білесіз бе?

Чогори тауы, К2 шыңы. Бас айналдырар биіктік.

Ал енді алыс Америкаға аттансақ...

Сан Диего, Калифорния. 

Бұл жер сіз бен бізге атақты кинолары арқылы танылған Голливуд!

Вашингтон төріндегі еліміздің көк туы, ал енді Нью-Йорктің көшесімен жүріп қайтсақ...

Мұхит асып АҚШ жеріне бара тұра, Канадаға соқпай кеткеніміз жарамас!

Торонто, ілгеріде айтқан Канадамыз осы!

Ендігі көздеген мекен  – Еуропа!

Швейцария мемлекетіндеміз. 

Лиссабоннан тамаша көрініс!

Бұл – Венргияның астанасы!

Барселонадағы Монсерратқа келіп қалдық. Ары қарай бізді Монако ертіп әкетті.

Фото: А. Калменов
 

Манчестердегі футбол кешінен естеліктер.

Ендігі стадион Ұлыбритания құрамындағы Шотландиялық ФК "Селтигінің" үйі.

Көк байрақты көтерген сұлулар Шотландияның Глазго қаласында.

Ковентридегі университет, Англия.

Лондоннан сәлем! 

Ары қарай кеттік...

Милан, Италия, ғибадатхана!

Болгария жартастары!

Қазақстан рәміздерін ұстаған жастар Мәскеу алаңында!

Ендігі Азияға жол тартсақ.

Қытай Халық Республикасы!

Оңтүстік Корея, Ульсан қаласы, Ulsan National Institute of Science and Technology.

Еліміздің көк байрағын Катардың көгінен көріңіз.

Доха осылай біздің мемлекетімізге сыйлық жасады!

Осымен саяхатымызды аяқтаймыз. Көк туымыз тек биікте желбіресін!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға