Жаңалықтар

Әлемдегі ең жас премьер-министр отставкаға кетті

Әлемдегі ең жас премьер-министр отставкаға кетті
Фото: ©AP/Martin MEISSNER 06.04.2023 17:30 2366

Финляндияның премьер-министрі Санна Мартин Парламенттік сайлауда Социал-демократиялық партияның жеңілісінен кейін отставкаға кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр Анна Марин бастаған Финляндия үкіметі республика президенті Саули Ниинистке отставкаға кетуге өтініш берді. Саули Ниинисте үкіметтің отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады.

Социал-демократиялық партия парламенттік сайлау қорытындысы бойынша үшінші орынға ие болды. Бірінші орынды консервативті "Ұлттық коалиция", екінші орынды "Нағыз финдер" ұлтшыл партиясы алды.

Финляндияда парламенттік сайлаудан кейін үкіметтің отставкаға кетуі дәстүрге айналған. Санна Марин Үкіметі жаңа партиялық коалиция мен жаңа кабинет құрылғанға дейін қызметін уақытша жалғастырады.

2019 жылы Санна Марин әлемдегі ең жас Үкімет басшысы болды. Еске сала кетейік, ол сауық кешінде би билеп, есірткіге тест тапсырған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға