Жаңалықтар

Әлемдегі ең ұзақ уақыт қызмет еткен стюардесса қайтыс болды

Әлемдегі ең ұзақ уақыт қызмет еткен стюардесса қайтыс болды
Фото: CA.NEWS.YAHOO.COM 28.05.2024 10:51 634

70 жыл бойы үздіксіз қызмет еткен әлемдегі ең қарт стюардесса Бетт Нэш 88 жасында дүниеден өтті. Мұндай ақпаратты оның жұмыс берушісі American Airlines мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол өзінің мансабын 1957 жылы бастады және Гиннестің рекордтар кітабына ең ұзақ жұмыс істеген стюардесса ретінде енгізілді. Бетте стюардессалардың ұрпақтарын шабыттандырды. Биік ұш, Бетт, – деп хабарлады әуе компания.

Бетт Нэш 21 жасында American Airlines компаниясының алдындағы Eastern Airlines компаниясында өзі тұратын Вашингтон мен Бостон арасындағы рейстерде жұмыс істей бастаған. Ол әр түнін үйде өткізу үшін осы қысқа жолды таңдады.

Бетт Нэш бастапқыда бірнеше жылдан кейін маршруттарын өзгертуді ұйғарса да, бірақ ол сол жұмысында қала берді және нәтижесінде оны барлық жиі ұшатын адамдар біледі және жақсы көрді. Ол ешқашан ресми түрде қызметінен кетпеген.

Адамдардың бәрі бірдей. Әркімге сәл махаббат болса болғаны, – деді ол 2017 жылы BBC News филиалы CBS-ке берген сұхбатында.

Кейбір америкалық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, ол 17 мамырда хосписте жан тапсырды. Жақында оған сүт безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылды. 

Бетт Нэш кәсіподақ мүшесі болған кәсіби бортсеріктердің қауымдастығы CBS-ке оның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Осы қиын уақытта біздің ойымыз оның отбасы мен достарымен бірге қала береді. Бетте біздің тарихымыздың ажырамас бөлігі және біз оны ұмытылмайпыз, – деді кәсіби бортсеріктердің қауымдастығы.

Айта кетейік, Бетт Нэш 2022 жылы 86 жасында әлемдегі ең қарт стюардесса ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға