Әлемдегі ең таза әуежайлар тізімі жасалды
Skytrax рейтингілік ұйымы World Airport Awards сыйлығының аясында әлемдегі ең таза 10 әуежайдың тізімін ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлемдегі ең таза әуежай атағын Токиодағы Ханеда әуежайы иеленді. Skytrax мұндағы еден мен орындықтардың, қоғамдық пайдалану орындары мен әжетханадағы тазалықты жоғары бағалаған. Ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл әсіресе коронавирус пандемиясынан кейін аса маңызды.
COVID-19 пандемиясынан соң әуежайдағы тазалықтың жолаушылар үшін маңызы артты. Бұл стандарттарды сақтау – әуежайдағы тазалықты сақтаудың үздік үлгісі, - делінген мәліметте.
Ханеда әуежайымен бірге рейтингінің үздік ондығына тағы үш жапон әуежайы енген:
Нагоя – 5-орында;
Нарита – 6-орында;
Кансай – 7-орында.
Рейтингіде екінші орынға Сеулдің Инчхон әуежайы жайғасса, үшінші орында Сингапурдың Чанги әуежайы тұр.
Доха әуежайы Хамад төртінші орынды, Гонконг пен Тайвань әуежайлары сегізінші және тоғызыншы орындарды бөліскен.
Тізімде Азия аумағында орналаспаған жалғыз әуежай бар – Швейцарияның Цюрихтегі әуежайы.