Жаңалықтар

Әлемдегі ең қарт Олимпиада чемпионы қайтыс болды

Әлемдегі ең қарт Олимпиада чемпионы қайтыс болды
Фото: REUTERS/Bernadett Szabo 02.01.2025 20:32 686

Венгрияда Олимпиада ойындарының ең қарт чемпионы Агнеш Келети өзінің 104 жасқа толуына бір апта қалғанда қайтыс болды. Оның қазасын спортшының отбасы растады. Бұл туралы Nemzeti Sport басылымына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.   

Гимнаст 1952 және 1956 жылдардағы Олимпиада ойындарында бес алтын медаль жеңіп алған.

Агнеш Келети, гимнастикадан бес дүркін Олимпиада чемпионы, ұлт спортшысы, әлемдегі ең қарт Олимпиада чемпионы бейсенбі күні таңертең 103 жасында қайтыс болды, – деді спортшының отбасылық адвокаты Тамаш Рот.

1948 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарына гимнаст жарақатына байланысты қатыса алмады. Алайда келесі Олимпиадада 1952 жылы Хельсинкиде ол еркін жаттығуларда ешкімге дес бермеді. 35 жасында  Келети 1956 жылы Мельбурнде бірден төрт алтын және екі күміс медаль жеңіп алды. Сол триумфтан кейін спортшы Израильге эмиграция жасау туралы шешім қабылдады, ал тарихи Отанына тек 2015 жылы оралды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға