Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Фото: Arquivo Pessoal / Jornal Estado de Minas
Фото: Arquivo Pessoal / Jornal Estado de Minas
02.08.2023 09:46
1666
Бразилияда Сеу Жозе Паулино Гомес есімді әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ер адам 28 шілде күні 127 жаста Минас-Жерайс штатындағы Педра-Бонита қаласында қайтыс болды. Шаһардағы жалғыз АХАЖ бөлімінің мәліметінше, Жозе Паулино Гомес шамамен 1985 жылғы 4 тамызда дүниеге келген. Бұл туралы 1917 жылы тіркелген неке қағазында көрсетілген, - деп жазады G1.
Гомес туған күніне бір апта жетпей өмірден өтті. Енді ең қарт адам атағы 116 жастағы испаниялық Мария Браньяс Моререге тиесілі.
Туыстарының сөзіне қарағанда, Гомес өмір бойы мал шаруашылығымен айналысып, жылқы мініп саяхаттағанды ұнатады екен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада 11 мектептің құрылысы жүріп жатыр
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды