«Әлемдегі ең кәрі адам» атағын иеленген 118 жастағы француз әйел монах Люсиль Рэндон дүниеден озды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Рэндон жатқан Францияның оңтүстігіндегі Тулон қаласындағы қарттар үйінің шенеуніктері әйел монахтың сейсенбі күні төсегінде қайтыс болғанын білдірді.
Басшылар «медбике Андре» деген атпен белгілі Рэндонның қайтыс болуына қайғырғанын хабарлады, бірақ оның көп уақыттан бері өлімді аңсағанын да білдірді.
1904 жылдың ақпанында дүниеге келген, 25 сәуірден бері «әлемдегі ең қарт адам» атағын иеленген Люсиль Рэндон 2021 жылдың басында коронавирустың жаңа түрінен аман қалған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміз пияз экспортына уақытша тыйым салды
Келесі жаңалық
Астана мешіттерінде сурдоаударма қызметі іске қосылды