Әлемдегі ең бай адамдардан кеңес
Forbes-тің алғашқы ондығының миллиардерлері тәуекелге баруды, шеңберден шығып, шектеусіз ойлауды және ақша емес, арман қууды ұсынады.
1.Бәрін дұрыс жасауға тырысудан аулақ болыңыз
Джефф Безос – Amazon негізін қалаушы, Forbes тізімінде 1-орында. Байлығы – 122 миллиард доллар.
Безос Amazon арқылы интернеттегі барлық кітаптарды сатуды жоспарлады. Бірақ кәсіпкер кеңескен сарапшылар бұл идеяны жүзеге асыруға болады деп ойлаған жоқ. Олардың көпшілігі танымал кітаптарды сатуға кеңес берді.
«Біз сұраған әрбір парасатты адам бізге мұны жасамау керегін айтты. Біз кеңестердің жақсы екенін түсіндік, бірақ бұл кеңестерді елемедік. Көпшіліктің ойынша мұнымыз қате еді. Бірақ бұл қате компаниямен болған ең жақсы оқиғалардың бірі болды», - дейді Джефф Безос.
Безостың сөзінше, дәл осы позициялардың алуан түрлілігінің арқасында Amazon сайты қолданушылар арасында танымал болды және сату сайтының тез тарап кетуіне әсер етті.
«Команда дәстүрлі жобаны іске қосса, ол мұндай атаққа ие болмас па еді?» - дейді миллиардер.
2. Сізді биікке жетелейтін адамдардың ортасында өмір сүріңіз
Билл Гейтс – Microsoft-тың негізін қалаушы, Forbes тізімінде 2-орында. Байлығы – 90 миллиард доллар. 2017 жылы кәсіпкер мектеп түлектеріне бірнеше кеңес беріп, қоршаған ортаның маңыздылығын атап өтті.
«Жақын адамдарымыздың өмір салты бізге әсер етеді. Егер сіздің достарыңыз азға қанағат тұтатын болса, уақыт өте келе сіздің көзіңіздегі от пен іштегі жалыныңыз сөнуі мүмкін. Ал айналаңызда табысқа жеткен адамдар көп болса, олар сіздің биіктерді бағындыра алатыныңызға сендіріп, қанаттандыра түседі. Айналаңызды сізді әділ түрде сынайтын, үйрететін және сізді ең жақсы болуға ынталандыратын адамдармен қоршаңыз», - дейді Билл Гейтс.
Миллиардер әйелін осындай адам деп санайды. Мелинда Гейтс – кәсіпкер және меценат. Ол 1994 жылдан бастап Microsoft негізін қалаушымен бірге өмір сүріп келеді
3. Өзіңізге инвестиция салыңыз
Уоррен Баффет – инвестор, Forbes тізімінде 3-орында, байлығы – 84 миллиард доллар.
Кәсіпкер мансапты бизнес ретінде, ал өзін негізгі өнім ретінде қарастыруды ұсынады. Тұтынушыға ұнамайтын өнімді шығару мағынасыз. Егер сіз өзіңіздің өсуіңізге инвестиция салмасаңыз, сіз өзіңізді «сатпайсыз» және армандаған жұмысқа орналаспайсыз.
«Сіз жасай алатын ең жақсы инвестиция – сіздің қабілетіңізді дамытуға салынған инвестиция. Өз дағдыларыңызды немесе бизнесіңізді дамыту үшін не істесеңіз де, нәтижелі болады», - деді Уоррен Баффет.
4. Ақша табу – мақсат емес, дұрыс әрекеттің салдары
Бернард Арно – Louis Vuitton moët Hennessy компаниялар тобының президенті, Forbes тізімінде 4-орында, байлығы – 72 миллиард доллар.
Қаржы саласында ұзақ мерзімді жоспарлау үлкен маңызға ие. Тез оңай пайда табуға болады, тез жеткен нәтиже ұзаққа бармайды. Арно алдағы алты айдағы кірісті бағалаудың орнына бес, он жылдан кейін брендпен не болатынын елестетуді ұсынады.
Оның ойынша, сәттіліктің кілті – мәңгілік нәрсе жасау және оған үнемі трендтегі дүниені қосу.
«Ақша – тек нәтиже. Мен әрқашан өз командама туралы алаңдамаңыз. Егер пайда туралы алаңдамаңыз деп үнемі айтамын. Өз жұмысыңызды жақсы жасасаңыз, пайда өзі келеді», - дейді Бернард Арно
5. Тәуекел етуден қорықпаңыз
Марк Цукерберг – Facebook-тың негізін қалаушы. Forbes тізіміндегі 5-орында. Байлығы – 71 миллиард доллар.
Бір сұхбатында танымал әлеуметтік желінің негізін қалаушы күмән табысқа жетуге кедергі келтіретінін айтты. Facebook-тің танымалдығына апаратын жол Google ұқсас өнім болуымен байланысты алаңдаушылық туғызып, брендтің қалыптасу процесінің байланысты ұзағырақ болды.
«Ең үлкен тәуекел – тәуекелге бармау. Өте тез өзгеретін әлемде сәтсіздікке кепілдік беретін жалғыз стратегия — тәуекелге бармау», - Цукерберг
6. Сөзсіз жетістікке сенбеңіз
Амансио Ортега – Zara және Inditex негізін қалаушы. Forbes тізімінде 6-орында. Байлығы – 70 миллиард доллар. Ортеганың басынан өткен хикаясы кедейліктен құтылуға және әлемдегі ең бай адамдардың бірі болуға болатынының айқын көрінісі. 13 жасында ақша жетпегендіктен, ол мектепті тастап, жұмыс істеуіне тура келді.
Жейделер дүкеніндегі хабаршы лауазымынан өз мансабын бастаған ол Inditex империясын құра алды. Брендтің штаб-пәтері Испанияның Ла-Корунья қаласында орналасқан. 82 жасында Ортега кеңсеге күн сайын дерлік барады, қызметкерлермен сөйлеседі және олардың идеяларын тыңдайды. Ол бизнесін клиенттердің ұсыныс-тілектеріне сәйкестендіріп үнемі өзгертіп отырды.
«Ең жаман нәрсе — өз ісіне қанағаттану. Үнемі табысты болуға кепілдік жоқ. Мен өзімнің істеген ісіме қанағаттануға жол бермеймін және оны айналамдағылардың бәріне сіңіруге тырыстым», - деді Амансио Ортега
7. Бәсекелестіктен қорықпаңыз, қарсыластарыңызды зерттеңіз
Карлос Слим Элу – инвестор, Forbes тізімінде 7-орында, байлығы – 67,1 миллиард доллар. 17 жасында өзінің алғашқы миллионын тапты. Бұл оның 10 жасында инвестиция сала бастауының арқасында мүмкін болды.
Оның пікірінше, «бәсекелестік сізді әрқашан жақсы етеді, тіпті бәсекелес жеңсе де». Ол сіздің қаншалықты жақсы екеніңізді түсіну үшін ең жоғары деңгейде бәсекелесуге кеңес береді.
«Спортшыны алып қарайық. Ол өз үйінде ең үздік болуы мүмкін, бірақ көршілері одан да мықты болуы мүмкін. Мұны түсіну үшін үйден шығу керек», - Карлос Слим Элу.
Бай адамдардың кедей, жолы болмайтын адамдардан басты ерекшелігі – олардың ойлау жүйесінде. Бай болуға ұмтылсаңыз, кеңестерімізді естен шығармаңыз!