Жаңалықтар

Әлемдегі ең арзан үй 454 теңгеге сатылымға қойылды

Әлемдегі ең арзан үй 454 теңгеге сатылымға қойылды
Фото: Zillow 22.08.2023 17:30 1199

АҚШ-та резервтік бағасы бір долларды (454 теңге) құрайтын үй сатылымға шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Понтиактағы (Мичиган штаты) екі бөлмелі бунгало сатылымы туралы хабарландыруда бұл «әлемдегі ең арзан үй» деп жазылған.

Жылжымайтын мүлік агенті Кристофер Хубел жарнаманы желіде жариялағаннан кейін ең төменгі баға үлкен қызығушылық тудырғанын мәлімдейді.

Жүздеген телефон қоңырауын, жүздеген хабарлама, жүздеген электрондық хат алдым. Телефоныма қоңырау тоқтаусыз келіп жатыр, - деді Кристофер Хубел.

Хубелдің сөзіне қарағанда, нысан жөндеу жұмыстары қажет. Үй 1956 жылы салынған және 20 жыл бойы бір адамға тиесілі болып келген. 2004 жылы сатып алғаннан кейін иесі оны негізінен жалға беріп келген, ал 2011 жылы 10 мың долларға сатпақ болған. Дегенмен соңғы жылдары бұл үй бос тұрған. Себебі ескірген жиһаз бен сантехника жалға алушылардың көңілінен шықпаған көрінеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға