Жаңалықтар

Әлемде жатыр мойны обырынан жыл сайын 300 мыңға жуық әйел қайтыс болады

Әлемде жатыр мойны обырынан жыл сайын 300 мыңға жуық әйел қайтыс болады
Фото: ҚР ДСМ 24.09.2024 19:10 418

Қазақ онкология және радиология ғылыми институтының зерттеу нәтижелері бойынша жатыр мойны обырының 74,2% жағдайында биопсиялық материалда адам папилломасы вирусының (АПВ) 16 және 18 онкогендік типтері анықталды. Бұл туралы ҚазОРҒЗИ басшысы Диляра Қайдарова брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол АПВ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу жатыр мойны обырының жиілігін 2 немесе одан да көп есе төмендетуі мүмкін екенін атап өтті.

ҚазОРҒЗИ деректері бойынша жатыр мойны обырының 99%-ы, вульва және қынап обырының 75%-ы, аногениталии сүйелдердің 90%-ы АПВ инфекциясына байланысты.

ДСМ мәліметінше, АПВ – әлемдегі ең көп таралған вирустардың бірі. 50 жасқа дейінгі әйелдердің 80%-ы өмір бойы АПВ жұқтырады.

Инфекция кез келген жаста болуы мүмкін, бірақ инфекцияның шегі 25 жасқа дейін болады.

Вирустың созылмалы тұрақтылығы жатыр мойны обыры мен обыралдының дамуына әкеледі. 11-13 жаста қыздарға вакцинациялау бағдарламасын енгізу АПВ-ны жұқтырудың алдын алады.

Мысалы, Шотландияда АПВ-дан вакцинациялауды  енгізер алдында 20 жастағы қыздарға жаппай скрининг жүргізілді, олардың 30%-ы адам паппиомасы вирусының 16 және 18 онкогендік типтерін жұқтырған. АПВ-ға қарсы  вакцинациялауды енгізгеннен кейін 7 жыл өткен соң, қыздардың келесі буынының арасында АПВ-ның таралуы 4,5%-ға дейін қысқарды, - делінген ДСМ ақпаратында. 

Әлемде жыл сайын жатыр мойны обырынан 300 мыңға жуық әйел қайтыс болады.

АПВ вакцинациясының ұлттық бағдарламасы 135 елде иммундау күнтізбелеріне енгізілген. ТМД елдерінде АПВ вакцинациялау бағдарламасы Армения, Грузия, Молдова, Түрікменстан, Қырғызстан және Өзбекстанда енгізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға