Жаңалықтар

Әлем орнықты дамуы үшін барлық ел жұмылып жұмыс істеуі керек – Ивайло Изворски

Әлем орнықты дамуы үшін барлық ел жұмылып жұмыс істеуі керек – Ивайло Изворски
Фото: nu.edu.kz 08.06.2023 17:47 697

Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша бас экономисі Ивайло Изворски Еуропалық одақтың үлесі 17 пайызға төмендеп, яғни Қытаймен тең екенін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ал 90-жылдары АҚШ пен Еуропалық одақтың үлесі 25 пайыз, яғни бірдей болса, қазір Еуропалық одақтың үлесі 17 пайызға төмендеп, Қытаймен теңесіп отырғанын айтты.

Бұған себеп – күрделі активтерге инвестициялар өсудің негізгі факторы. Жаплпы алғанда, әлем құрылымдық баяулау сатысында, 10 жылдықтың соңына қарай өсу қарқыны кемінде бір пайыздық тармаққа төмендейтінін күтеміз. Бір пайыздық тармақ бойынша 2-3 пайыздық өсу болуы мүмкін. Десе де орасан зор айырмашылық болады. Үш пайызға өсетін елдерге қарағанда, 5 пайыз өсетін елдер әжептәуір алда. Бұл Қазақстанның әл-ауқат тұрғысынан ғана емес, бүкіл әлемнің және дамушы елдердің әл-ауқат тұрғысынан үлкен маңызға ие, – деді Ивайло Изворски.

Сондай-ақ бас экономист әлем 10 жылдықтың соңына қарай орнықты өсуін қалпына келтіру үшін барлық ел барынша жұмылып жұмыс істеуі қажет деп санайды.

Біріншіден, күрделі активтерге инвестицияларды көп тарту қажет. Компаниялар жаңа капиталды іздестіруі керек. Екіншіден, адами капитал. Пандемия кезінде әлем көптеген мүмкіндіктен айырылды. Бізге әлемнің жұмыс күшіне қатысу жетпейді. Күш-жігерді ынталандыру қажет. Болашақта бізге көбірек еңбек ресурсы қажет болады. Бұл жағдайда жасанды интеллект бізді алмастырады, – деді ол.

Спикердің айтуынша, жасанды интеллект әлі толық дамыған жоқ. Сол себепті олар бізді әзірге алмастырмайды. Жұмыс күшін әлі де болса арттыру қажет, бұл өсуді қамтамасыз етеді және саясатты оңтайлы әзірлеп, 2.0 макроэкономикасын тұжырымдау қажет деп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға