Әлем кубогы: спорттық гимнастикадан Дмитрий Патанин күміс жүлдеге ие болды

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК
08.03.2025 16:03
656
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Дмитрий Патанин Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Гимнаст қоссырықтағы жарыста сәтті өнер көрсетті.
Патанин төрешілердің шешімі бойынша 13,400 ұпай жинады. Бірінші орынды жапондық Казуки Мацуми (14,200 ұпай) жеңіп алды.
Үздік үштікті хорватиялық Петар Вефич (13,033 ұпай) қорытындылады.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Алдағы аптада ел спортшылары қандай жарыста бақ сынайды?