Жаңалықтар

«Әлем чемпионына бокал сыйлаған ба?». Әкімдіктің спортшыға берген сыйлығы жұрттың ашуын туғызды

«Әлем чемпионына бокал сыйлаған ба?». Әкімдіктің спортшыға берген сыйлығы жұрттың ашуын туғызды
Фото: instagram.com/jarma_audanynyn_akimdigi/ 27.08.2024 16:24 913

Пара-армрестлингтен Қазақстаннан шыққан әлем чемпионы Зарина Примакқа «бокалдар жиынтығын» сыйға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысының тумасы әлем чемпионы атағына осымен жетінші рет қол жеткізіп отыр. Абай облысына қарасты Жарма ауданы әкімінің орынбасары Райым Жолдасбекұлы мен Шар қаласының «Жастар ресурс орталығының» директоры Рауан Кәкімжанұлы спортшыны арнайы құттықтап барған, алайда шенеуніктер табыстаған сыйлық оқырман қауымның ашуын туғызды.

«Одан да ештеңе бермегені дұрыс еді», «Әлем чемпионына бокал сыйлаған ба? Сөзім жоқ», «Әкімдікке мына сыйлығы үшін «алғыс айтып тұрғаны» түрінен-ақ көрініп тұр», «Спорт министрлігі қайда қарап отыр? Әкім дені дұрыс демеуші таба алмағаны ма?», «Масқара, өздерінің мәз болып тұрғанын қарашы», - деп жазған көпшілік.

Бірақ көп ұзамай Жарма ауданы әкімдігінің парақшасынан бұл жазба өшіріліп, басқа жазбаларға да пікір қалдыру мүмкін болмай қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға