Жаңалықтар

Әлем чемпиондарына қанша сыйақы беріледі?

Әлем чемпиондарына қанша сыйақы беріледі?
Фото: Қазақстан бокс федерациясы 15.05.2023 18:35 1212

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Өзбекстанда бокстан өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарына қанша сыйақы берілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

IBA чемпиондарға 200 мың доллар қаражат береді. Бокстан Қазақстан бокс федерациясы чемпион атанған әр спортшыға 100 мың доллардан береді. Қазақстанның ішкі заңнамаларына сәйкес, әлем чемпионы және оның бапкері 15 мың доллар қаражат алады, - деп мәлімдеді министр.

Сондай-ақ министр әлем чемпиондарына белгіленген сыйақы мөлшері жеткілікті екенін айтты.

Спортшыларымыз әлем чемпионатына ақша үшін емес, еліміздің абыройы, намысы үшін қатысты. Ал материалдық жағдай – екінші санаттағы мәселе, - деді Асхат Оралов.

Еске сала кетейік, бүгін министр Асхат Оралов Ташкенттегі бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарын елорда әуежайында қарсы алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға