Әлем чемпионатында топ жарған боксшы қыздарға қаржылай сыйақы табысталды

8-16 наурыз аралығында Сербияда өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған боксшы қыздарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спорт саңлақтары Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тарапынан ақшалай сыйақыға ие болды. Атап айтқанда, дүбірлі доданың чемпионы атанған Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікееваның әрқайсысына 100 мың АҚШ долларынан табысталды.
Әлем чемпионатында күміс жүлдегері Виктория Графеева мен Елдана Талипованың әрбірі 50 мың АҚШ долларына ие болса, қола жүлдегер 25 мың АҚШ доллары берілді.
Туризм және спорт миистрлігі бұл боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан да қаржылай сыйақы табысталатынын алға тартты. Нақтырақ айтқанда, Назым Қызайбайға, Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікееваға 100 мың АҚШ долларынан, Виктория Графеева мен Елдана Талиповаға 50 мың АҚШ долларынан, Наталья Богдановаға 25 мың АҚШ долларынан табысталатын болады.
Бұдан бөлек, бапкерлер мен дәрігерлерге де Қазақстан бокс федерациясы тарапынан сыйақы қарастырылған.
