Әлем чемпионатында палуандарымыз жүлдесіз қалды

Фото: Күрес түрлерінен әлем қауымдастығы
Фото: Күрес түрлерінен әлем қауымдастығы
26.10.2024 09:37
503
Албанияның Тиран қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан командасының екі өкілі жүлде үшін таласты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Финалдық жекпе-жекке 50 келіге дейінгі салмақта Лаура Ғаниқызы және 76 келіге дейінгі салмақта Алина Ертөстік жетті. Алайда екі балуан да мерзімінен бұрын жеңіліс тапты.
Ғаниқызы жапониялық Уми Итодан 11:0 есебімен жеңілсе, Ертөстік те Нодоко Ямомотоға (Жапония) есе жіберді - 11:0.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматы облысының өрт сөндірушілері 5 адамды құтқарды
Келесі жаңалық
Өскеменде автобус рельс үстінде тоқтап қалды