Жаңалықтар

Әлем чемпионатында бүгін күрескен дзюшылар жаппай жеңілді

Әлем чемпионатында бүгін күрескен дзюшылар жаппай жеңілді
Фото: Дзюдо федерациясы 20.05.2024 21:18 919

Абу-Дабиде дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде күрескен Қазақстан балуандары жаппай жеңіліп қалды,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлем чемпионатында бүгін 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев пен Жанарыс Рахметқали, 57 келіде Бақыт Құсақбаева, 73 келіде Данияр Шамшаев пен Бақытжан Әбдірахманов күрескен еді. Алайда олардың ешқайсысы келесі айналымға шыға алмады. 

Тек Ғұсман Қырғызбаев алғашқы кездесуінде Тал Фликкерге (Израиль) ұтымды әдіс жасағанымен төреші «отандасымыз өміріне қауіп төндіретін әдіс жасады» деген нұсқаумен «хансоку маке» берді. Осылайша, Ғұсман Қырғызбаев Абу-Дабидегі әлем чемпионатын сәтсіз аяқтады.

Кеше әлем чемпионатында Абиба Әбужақынова қола жүлдегер атанған болатын. Сонымен бірге, Елдос Сметов қола үшін күресіп, есе жіберді. 

Ертең әйелдер арасында алғашқы болып 63 келіде Есмигүл Құйылова қырғыз балуаны Адина Кошконбаевмен белдеседі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға