Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасының тізімі жарияланды

Бокстан Қазақстан командасының бапкерлік құрамы Будвадағы (Черногория) жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасының тізімін жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлем біріншілігінде келесі спортшылар ел намысын қорғайды:
- Диас Берікбай (48 келіге дейінгі салмақта)
- Бексұлтан Боранбек (51 келіге дейінгі салмақта)
- Бауыржан Мұратов (54 келіге дейінгі салмақта)
- Жансері Көшербаев (57 келіге дейінгі салмақта)
- Алексей Хаванцев (60 келіге дейінгі салмақта)
- Ахмет Үсенов (63,5 келіге дейінгі салмақта)
- Төрехан Сабырхан (67 келіге дейінгі салмақта)
- Өнер Сейілхан (71 келіге дейінгі салмақта)
- Санжарәлі Бегалиев ( 75 келіге дейінгі салмақта)
- Мадияр Бексұлтанов (80 келіге дейінгі салмақта)
- Бақытжан Айтмұханов (86 келіге дейінгі салмақта)
- Расул Асанханов (92 келіге дейінгі салмақта)
- Аслан Еділбайұлы (92 келіден жоғары салмақта)
Әлем чемпионаты 23 қазан мен 3 қараша аралығы өтеді.
