Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді жеңді

Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында сырт алаңда Лихтенштейнмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл матчта алаң иелері о бастан-ақ аутсайдер саналғаны рас, солай болды да. Әли Әлиев шәкірттері ысқырық естілісімен ширақ қимылдап, мұнда жеңіс үшін келгенін аңғартты. Бірінші тайм аяқталар тұста Марат Быстровтан пас алған Максим Самородов қақпаны дәл көздеді. Ал араға бірнеше минут салып Самородов Александр Марочкинге нәтижелі пас берді. Марочкин мүлт кетпеді - 0:2. Бірінші тайм осы есеппен аяқталды. Жанкүйерлер үзілістен соң гол көрген жоқ. Осылайша, Қазақстан үш ұпайға қол жеткізді. Ал Лихтенштейн қатарынан төрт матчта жеңіліске ұшырады.
Лихтенштейннің ресми матчтағы соңғы жеңісі 2020 жылдың қыркүйегінде Сан-Мариноға қарсы (2:0) тіркелген.
