Жаңалықтар

Әлем чемпионаты: Жайна Шекербекова қарсыласын айқын басымдықпен ұтты

Әлем чемпионаты: Жайна Шекербекова қарсыласын айқын басымдықпен ұтты
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 11.03.2025 22:55 248

Ұлттық құрама боксшысы Жайна Шекербекова әлем чемпионатында жүлдеге бір табан жақындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінің кешкі сессиясы сәтті басталды. 54 келі салмақ дәрежесіндегі спортшы қызымыз Жайна Шекербекова 1/8 финалда мексикалық Ариадна Гил Алонсомен  жұдырықтасты. 

Қос спортшы арасындағы жекпе жек тартысты өтті. Алайда жерлесіміздің соққылары қарсыласынан қарағанда дәл әрі көп болды.  5:0 есебімен қазақ қызы жеңіске жетті.

Жайна Шекербекованың ендігі қарсыласы дәл қазір Германия-Сербия кездесуінде анықталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға