Әлем чемпионаты: қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары кімдер

Ташкентте өтіп жатқан бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатының финалындағы қазақ боксшыларының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Финалға бес қазақ боксшы шыққан болатын.
Қазақстан боксшыларының финалдағы қарсыластары:
48 келі:
Санжар Тәшкенбай - Сахил Аллахвердови (Грузия);
54 келі:
Махмұд Сабырхан - Ойбек Жураев (Өзбекстан)
67 келі:
Дулат Бекбауов - Асадхужа Муйдинхужаев (Өзбекстан)
71 келі:
Асланбек Шымбергенов - Саиджамшид Жафаров (Өзбекстан)
80 келі:
Нұрбек Оралбай - Таңатхан Тоқтарбек (Қытай).
Финал 13-14 мамыр күндері өтеді.
Әлем чемпионатының сыйақы қоры – 5,2 миллион доллар. Алтын медаль алғандар 200 мың доллар иеленсе, күміске – 100 мың доллар, ал қола үшін 50 мың доллар беріледі. Ал Қазақстан бокс федерациясының отандық боксшылардан жеңімпаз атанғанына 100 мың доллар береді.
