Әлем чемпионаты: қазақ баласы Өзбекстанға жүлде сыйлады
Фото: Өзбекстан бокс федерациясы
Фото: Өзбекстан бокс федерациясы
10.05.2023 17:19
4137
Өзбекстан құрамасының боксшысы, этникалық қазақ Руслан Абдуллаев әлем чемпионатында өзінің ширек финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
63,5 келіге дейінгі салмақта бокстасатын Абдуллаев жартылай финал жолдамасын француз Лунес Амрауимен сарапқа салды. Ташкенттегі аламанда қазақ баласы қарсыласын 4:1 есебімен жеңді. Осылайша ол Өзбекстан қоржынына кем дегенде қола медаль салып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Өзбекстан құрамасынан жартылай финал жолдамаларын Хасанбой Дусматов (51 кг) пен Абдумалик Халоков (57 кг) жеңіп алған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте Алпамыс дүниеге келді
Келесі жаңалық
Димаштың тыңдармандары Германияда бас қосты