Әлем чемпионаты: Непомнящий мен Лижэнь тағы тең түсті
Фото: kazchess.kz
Фото: kazchess.kz
27.04.2023 19:30
633
Астанада шахматтан әлем чемпионатының 13-партиясы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл кезеңде де ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Динь Лижэнь тең түсті.
Бұл партияда гроссмейстерлердің басымдықты қолға алатын шамасы болатын, алайда ойын 39-жүрісте тең аяқталды. 13-партиядан кейінгі есеп – 6,5-6,5.
Келесі партия 29 сәуірде өтеді. Онда Непомнящий қара тастармен ойнайды.
Естеріңізге сала кетейік, матч 14 партиядан тұрады. Егер осы аралықта жеңімпаз анықталмаса, онда төрт партиядан тұратын тай-брейк ұйымдастырылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Екібастұзда тұрғын үй өртенді
Келесі жаңалық
Астанадан 54 мың текше метрден астам қар шығарылды