Жаңалықтар

Әлем чемпионаты: Надежда Степашкина Азия құрлығындағы ең үздік көрсеткішті тіркеді

Әлем чемпионаты: Надежда Степашкина Азия құрлығындағы ең үздік көрсеткішті тіркеді
Фото: ҚР спорт комитеті 10.03.2025 06:36 289
Бүгін шаңғыдан Тронхейм (Норвегия) қаласында әйелдер арасындағы шешуші 50 шақырымға жалғасқан бәсеке мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылға дейін әйелдер тек 30 шақырымға жарысқан еді. Ал 2025 жылғы әлем чемпионатында әйелдер мен ерлердің құқығы теңестіріліп, арулар да 50 шақырымда жеңімпазды анықтады. Жарыс жолына нәбәрі 34 спортшы ғана шықты. Азия құрлығынан 3 қана спортшы қатысты.
Бұл сында қазақстандық Надежда Степашкина 2:43:49 уақытынмен 24-ші орынға тұрақтады. Алд тағы бір отандасымыз Ангелина Шурыга - 1 айналым қалып қойғанына қарамастан, 34-ші болып мәре сызығын қиды. 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға