Әлем чемпионаты: Бүгін сынға түсетін боксшы қыздар белгілі болды

Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінде шаршы алаңға шығатын боксшылар есімі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бокс федерациясы ұсынған мәліметке сүйенсек, отандық былғары қолғап шеберлерінің қатысуымен өтетін кездесулер 11 наурыз сағат 18.00-ден басталады. Бұл уақытта шаршы алаңға Виктория Графеева, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева кезегімен өнер көрсетеді. Ал сағат 22.00-ден бастап Жайна Шекербекова, Гүлсая Ержан мен Жасмин Кизатова шаршы алаңға шығады.
Айта кетейік, бұған дейін Анита Адишева жарыс жолынан шығып қалған болатын. 52 келі салмақ дәрежесіндегі спортшы қызымыз 1/16 финалда мексикалық Патино Хураезке 3:4 есебімен есе жіберді.
