Әлем чемпионаты: Алуа Балқыбекова алтын үшін таласады

Фото: Бокс федерациясы
Фото: Бокс федерациясы
14.03.2025 23:26
130
Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында үшінші жерлесіміз жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
50 келідегі Алуа Балқыбекова Солтүстік Кореяның тағы бір өкілі Ан Куммен 3 раунд бойы айқасты жоғары қарқында өткізді. Ан Кум алдыға тоқтаусыз ұмтылып, сериялы соққыларға иек артса,жерлесіміз қарымта шабуылда өз есесін жібермеді. Әр шабуылдан шебер қорғана білген отандасымыз тағы бір мәрте алтынға таласуға мүмкіндік алды. Есеп: 5:0.
Естеріңізге сала кетейік, Алуа Бақыбекова 2022 жылы Түркиядағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда оқу-жаттығу кезінде полиция қызметкері көз жұмды
Келесі жаңалық
Бурабайда жеке монша өртенді