Президент Іс Басқарушысының бұйрығымен Алексей Цой Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алексей Цой Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік академиясын бітірген. Медицина ғылымдарының докторы, медицинадағы іскерлік әкімшілендіру докторы.
Ол бұған дейін дәрігер-эндоскопист, «Еуроазиялық респираторлық қоғам» қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы, «Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығы» ММ бастығы, Астана қаласы әкімдігінің «№1 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК бас дәрігері, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Журналистерге арналған медиамектептің екінші кезеңі басталады
Келесі жаңалық
Air Astana біздің аспанның құдайы болып алған – Жаңбыршин