Алексей Навальныймен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

Фото: ВВС/Видеодан алынған кадр
Фото: ВВС/Видеодан алынған кадр
01.03.2024 17:48
1673
Мәскеуде Алексей Навальныймен қоштасуға жүздеген адам жиналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный 16 ақпан күні «Полярный волк» түрмесінде қайтыс болды. Ал оны жерлеу рәсімі бүгін, 1 наурызда, өтеді.
Саясаткермен қоштасу рәсімін бірнеше телеарна тікелей эфирден беріп жатыр.
Ал Навальный жерленеді делінген Борисов зиратын таңнан бері полиция күзетіп тұр.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды