Александр Бубликтің 1/2 финалдағы қарсыласы анықталды
Турнирдің жалпы жүлде қоры 600 мың доллардан асады
Фото: www.sports.kz
Фото: www.sports.kz
16.07.2022 14:32
2604
Аустралиялық теннисші Джейсон Кублер Ньюпорттағы ATP 250 турнирінің ширек финалында отандасы Джеймс Даквортты жеңді, – деп хабарлайды El.kz сайты Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Д.Кублер 7:5, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті. Кездесу 2 сағат 9 минутқа созылды.
Енді Джейсон Кублер жартылай финалда қазақстандық Александр Бубликпен ойнайды. Бублик бұған дейін Үлкен шлем турнирінің үш дүркін жеңімпазы аустралиялық Энди Марреяны жеңген еді.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 600 мың доллардан асады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
2030 жылға дейін әскери техниканы жаңарту жоспарланып отыр