Александр Бублик Ұлыбританиядағы турнирдің ширек финалына өтті
Ол австралиялық Джон Миллманмен шеберлік байқасты.
Фото: ktf.kz
Фото: ktf.kz
23.06.2022 11:45
1275
Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик Истборн (Ұлыбритания) ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды El.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 86-орында тұрған австралиялық Джон Миллманмен шеберлік байқасты.
Бублик бірінші партияда 6:4 есебімен басымдылық көрсетті. Екіншісінде қарқынын үдете түсті – 6:2. Бір сағатқа созылған матч барысында Бублик 15 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгелдей пайдаланды. Қарсыласы эйспен де, брейкпен де көзге түсе алған жоқ. Александр жартылай финалға шығу үшін әлемнің 14-інші, осы жарыстың үшінші ракеткасы, америкалық Тэйлор Фрицпен кездеседі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Бәйтерек» холдингі «Сбербанк Қазақстанды» сатып алады
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды