Александр Недовесов Португалиядағы турнирдің ширек финалына өтті

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
04.04.2024 13:47
728
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Недовесов Эшторил (Португалия) ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар алғашқы айналымнан оңай өтті.
Қазақстандық-эквадорлық дуэт бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде аргентиналық Педро Качин – испаниялық Педро Мартинезді 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Александр Недовесов – Гонсало Эскобардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Бөлісу:
